Понедельник, 14 августа 2023 18:04

«Қиын жағдайда»: Танымал экстрасенс Түркістан облысында із-түссіз жоғалған келіншек туралы тың дерек айтты

Белгілі экстрасенс Кямран Самедов Түркістан облысы Мақтаарал ауданында із-түзсіз жоғалған келіншек жайлы болжамын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы көпке журналист Гүлмира Әбіқай жеткізді. Айтуынша көріпкел келіншектің қиын жағдайда қалғанын айтқан.

«Із-түссіз жоғалған мақтаралдық Гүлсімнен еш хабар жоқ. Туыстары фотосын көрсетіп жүгінген белгілі экстрасенсКямран Самедов сол айтқанынан танбай отыр: Әйел қиын жағдайға түсті, қаржылық тығырыққа тірелді. Жедел арада көмек қажет. Бастысы, тірі” деп тағы қайталады бүгін хабарласқанымда.

Туыстары “нақты қай жерде отыр, соны айтпай ма басты ауыртпай” деп қояды. Ол да құдай емес пенде ғой, әйелдің нақты бір детальын қолмен ұстасам білермін дейді Самедов. Яғни, иіс сіңген киімі не сөмкесі, аяқ киім, әйтеуір, өзіне тиесілі бұйымына қол тигізіп болжайтынын айтты», — деп жазды қоғам белсендісі.

Сонымен бірге ол белгілі экстрасенс жақын арада Қазақстанға келетінін атап өтті.